Ссылки доступа

Қазақстанда бір тәулікте 110 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды


Өткен тәулікте Қазақстанда 110 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігі. Науқас саны бір күнде екі есе көбейген - 28 маусымда таңертең 61 адамның COVID-19 жұқтырғаны мәлім болған.

110 науқастың 56-ы Алматыда, 29-ы астанада тіркелді. Шымкентте жеті, Қарағанды облысында алты науқас анықталды. Қалғандары басқа да өңірлерде тұрады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жүзден астам науқастың бір тәулікте коронавирус жұқтыруы соңғы мәрте биыл наурыз айында тіркелген.

Санитария және эпидемиология бақылауы жөніндегі комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың "Хабар 24" телеарнасына мәлімдеуінше, елдегі аймақтардың бірінде жүзден астам науқас тіркелген жағдайда ғана коронавирус шектеулерін енгізу мәселесін қарастыруға болады.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 1 306 471 адам COVID-19-бен ауырған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша, 528 адам коронавирустан емделіп жатыр.

XS
SM
MD
LG