Ссылки доступа

Қырғызстанда компьютер, принтер және Wi-Fi роутер шығарылады


Жогорку Кенештің 29 маусымдағы отырысында қырғыз үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров осылай деп мәлімдеді.

"Қырғызиндустрия" тігін және жиһаз салаларының бұйымдарын, принтерлер, Wi-Fi роутерлер, касса аппараттарын, компьютерлер, сонымен бірге басқа да инновациялық заттар шығарумен айналысады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жапаров мемлекеттік кәсіпорынға "экономика локомотиві" ретінде қарауға үндеді. Оның айтуынша, "Ұлы көшпенділер мұрасы" ұлттық холдингі түрлі салаларды қамтитын 30-дан аса ірі жобаны жүзеге асыруды көздейді.

Еске салайық, "Қырғызиндустрия" жыл басында құрылды. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы - 1 млрд сом.

XS
SM
MD
LG