Ссылки доступа

Тәжікстанда 26 мәрте пышақталған әйел өліміне қатысты іс қайта қаралады


Манораи Абдуфаттох

Тәжікстан бас прокуратурасы Файзабад ауданында жас келіншектің құпия өліміне қатысты істі тергеуге кірісті.

Манораи Абдуфаттохтың 26 мәрте пышақталған денесі былтыр 22 маусымда жалдамалы пәтерде табылды. Шілдеде айдандық прокуратура оның өлімін "суицидке" жатқызды. Марқұмның туыстары келіншек өзін осынша мәрте пышақтаған дегенге сенбейді.

Марқұмның әкесі Абдуфаттох Мисоковтың айтуынша, ол бір жыл бойы түрлі мекемелерге шағымданған. 16 маусымда Бас прокуратура Мисоковқа ресми хат жолдап, қызының өліміне қатысты іс қайта тергелетінін хабарлады.

Бұның алдында екі сараптама келіншектің өз-өзіне қол жұмсағанын анықтаған.

Манораи Абдуфаттохтың артында үш баласы қалды. Сот шешімімен, балалар әкесінің отбасына берілді. Қайғылы оқиға кезінде Манораи Абдуфаттохтың күйеуі Ресейде жұмыс істеп жүрген. Оның отбасы журналистермен сөйлесуден бас тартып отыр.

XS
SM
MD
LG