Ресми мәлімет бойынша, мыңнан астам тұрғын үкіметтің тарифті өзгерту жөніндегі қаулы жобасына өтініш қалдырған. Оларды энергетика, қаржы және экономикалық даму министрліктері сараптап жатыр.
"Пікірлер мен өтініштер бойынша түпкілікті қорытынды жасалған соң, осы мәселе бойынша тиісті шешім қабылданады", - делінген министрлік хабарламасында.
Үкімет "Жанармай-энергетика ресурстары бағасын өзгерту туралы" қаулы жобасын 31 мамырда жариялаған. Құжатта биыл 1 шілдеден бастап электр қуаты мен табиғи газ тарифі өзгеретіні айтылған.