Ссылки доступа

Өзбекстанда ірі мұнай мен битум кені табылды


Навои облысындағы Зерафшан ойпатында Өзбекстандағы ірі мұнай мен битум кені табылды. Оған "Жаңа Өзбекстан" деген атау берілді. Бұл туралы 29 маусымда республиканың энергетика министрлігі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, кенді Sanoat Energetika Guruhi (SEG) компаниясы Kontiki-Exploration компаниясымен бірге ашқан. Ол Орталық Азиядағы технологиясы жоғары өндіріс орнына айналуы мүмкін. "Жаңа Өзбекстан" битумды мүнай кенінің қоры шамамен 100 млн тонна деп бағаланды.

"Битумды мұнайдың бір жылдық өндірісі 2025 жылға қарай 1 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бір жылда 1500 бұрғы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Кенді игеруге 12 жылға 2.5 млрд доллардың инвестициясы жұмсалады", - делінген министрлік хабарламасында.

Жобаны жүзеге асыру жұмыстары биыл 15 мамырда Самарқанд және Навои облыстарының шекарасында басталған. Бұрғылау барысында жер қыртысының көне қабаттары мұнайға бай екені анықталды.

Министрлік мәліметінше, бұл жобаға канадалық McDANIEL мен GenOil, америкалық BYIS Manufacturing мен O’NEILL Industries, ресейлік Energy and Engineering мен Veraton I.T.C компаниялары қатысқан.

XS
SM
MD
LG