Ссылки доступа

Қырғызстан биыл Қытайдың Эксимбанкіне шамамен $112 млн төлейді


Қырғызстанның Қытай экспорт-импорт банкіне мемлекеттік берешегі 1 млрд 794 млн 120 мың доллар немесе 147 млрд 304 млн 940 мың сом.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, қырғыз үкіметі қытай банкіне биыл 111 млн 730 мың доллар төлейді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, Эксимбанкке төленетін қаражат көлемі 2025 жылдан бастап өсіп, 2027 жылы шарықтау шегіне жетеді.

Бұның алдында қырғыз үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров Жогорку Кенеш отырысында "Қытайдың экспорт-импорт банкіне қарыз төленбесе, онда ол басқарма компаниясын енгізіп, стратегиялық нысандар соның қарамағына өтеді" деп мәлімдеген. Үкімет басшысы Қытай басқаруына өтуі мүмкін нысандар деп Бішкек ЖЭЦ-і, "Датқа-Кемин" және Солтүстік-Оңтүстік жолын атады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 2022 жылғы 28 ақпанда 5 млрд 119,15 млн доллар болды. Соның 4 млрд 301,84 млн доллары - сыртқы берешек.

XS
SM
MD
LG