Ссылки доступа

Ресей думасына әскери операциялар кезіндегі "арнайы шаралар" туралы заң жобасы түсті


Ресей үкіметі Мемлекеттік думаға Ресейден тыс аумақтардағы "терроризммен күрес және басқа да операциялар" кезіндегі "арнайы экономикалық шаралар" туралы заң жобасын өткізді. Құжат парламенттің төменгі палатасының базасында жарияланды.

Атқарушы билік операциялар кезінде арнайы құзыретке ие болғысы келеді. Атап айтқанда, мобилизация қуатын уақытга пайдалану және кейбір кәсіпорындарда жұмыс уақытына қатысты еңбек шартын өзгерту.

Компанияларға тауарлар мен басқа да қызмет беруге қатысты мемлекет келісім-шартынан бас тартуға тыйым салынады.

"Арнайы шараларда" мемлекет резервіндегі материалдық құндылықтарды пайдалану, іс-шаралар ұйымдастыру туралы да айтылған. Оның нақты қандай іс-шаралар екені нақты көрсетілмеген.

Заң жобасының түсіндірмесінде құжат "Донецк Халық Республикасы, Луганск Халық Республикасы және Украина аумақтарындағы арнайы әскери операция" кезінде әскери техникалар мен қару-жарақ базаларын жөндеу қажеттігіне байланысты ұсынылғаны айтылған.

Фото және видеоматериалдар көмегімен әскери шығын туралы мәлімет жинаушы Oryx сараптама жобасының мәліметінше, Ресей соғыс кезінде 4462 дана​ техникасынан айрылды.

XS
SM
MD
LG