Ссылки доступа

БАҚ: Honor смартфондарын Ресейге Өзбекстан арқылы экспорттамақ


Қытайдың Honor смартфондарын шығарушы өнімдерін Ресей нарығына тікелей экспорттауды доғарды, деп хабарлады 30 маусымда мәскеулік "Ведомости" басылымы.

"Ведомости" мұндай ақпаратты Honor дистрибьюторларының бірінен алған, және Honor басылымның осыған қатысты сауалдарына жауап бермеген.

Мәліметтерге қарағанда, Honor экспорты биыл наурыз айында тоқтаған. Енді компания Армения мен Грузиядан өз өнімдерін Ресейге "жанама түрде импорттайтын" әріптес іздестіріп жатыр.

"Жанама импорт аясында Өзбекстанмен смартфондарды Ресейге экспорттау жөнінде келісім жасалды", - деп хабарлады "Ведомости" дереккөзі.

Басылым мәліметінше, Honor "жанама импорт" ұйымдастыру арқылы АҚШ санкцияларын айналып өткісі келеді.

Өзбек жағы әзірге бұл жаңалыққа қатысты мәлімет таратпады. Бұның алдында хабарланғандай, Ресейге өнім жеткізумен айналысқан "Promcomplektlogistic" өзбек компаниясына санкция салынған.

Мамандардың есебінше, 2022 жылдың екінші тоқсанында Honor өнімінің Ресейдің смартфон нарығындағы үлесі 4,2 пайыз болып, 5-орын алған.

XS
SM
MD
LG