Ссылки доступа

Сот тәжік атлеті Чоршанбиев үкімін өзгеріссіз қалдырды


Чоршанбе Чоршанбиев. Фото из социальных сетей
Чоршанбе Чоршанбиев. Фото из социальных сетей

Душанбе қаласының соты блогер әрі ММА атлеті Чоршанбе Чоршанбиев үкімін өзгертпеді.

13 мамырда астанадағы Исмоили Сомони ауданының соты Чоршанбиевті 8,5 жылға соттаған. Оған "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге үндеді" деген айып тағылды. Чоршанбиев пен оның адвокаты сол кезде сот шешімін "негізсіз әрі әділетсіз" деп атаған.

Душанбе қалалық сотының шешімі 29 маусымда жарияланды. Сотталушының адвокаттарының айтуынша, "сот алғашқы инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырып, кассациялық арызды қабылдамаған". Қалалық сот үкімді не себепті өзгертпегені белгісіз.

Чоршанбе Чоршанбиевтің адвокаттары 3 шілдеде Душанбе қалалық сотының шешіміне шағым түсірер-түсірмесін әлі шешпегенін айтты. "Келесі аптада қорғап жүрген азаматпен тергеу изолятоорында кездесіп, оның ұстанымын білеміз. Түпкілікті шешімді содан кейін қабылдаймыз", — дейді олар.

Ресми құрылымдар Чоршанбе Чоршанбиев ісі мен үкіміне қатысты пікір білдіруден бас тартып отыр.

2021 жылғы 30 желтоқсанда Чоршанбиев Ресейден депортацияланып, Душанбеде ұсталды.

ММА атлетінің ісі қоғамда қызу талқыланды. Бұның алдында ол Таулы Бадахшан автономиялы облысының орталығы - Хорог қаласында былтыр қарашадағы толқуларды қолдаған. Сотта Чоршанбиев "жағдайды ушықтыру ниеті болмағанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG