Ссылки доступа

Тбилисиде ЕО-мен интеграциялауды талап еткен митинг басталды 


Тбилисидегі наразылық, 3 шілде, 2022 жыл 
Тбилисидегі наразылық, 3 шілде, 2022 жыл 

Грузияның барлық аймағынан он мыңдаған адам Тбилисидің орталығында парламент ғимараты орналасқан Руставели даңғылына жиналды. 

Бір апта бұрын олар "Үйге – Еуропаға" деп аталатын жалпыхалықтық қозғалыс құрып, билікке талаптарын қойған.

Оған сәйкес, елдің премьер-министрі Ираклий Гарибашвили өткен жексенбіге дейін отставкаға кетіп, биліктің "Грузин арманы" партиясы "техникалық үкімет" жасақтап, Еуропалық одаққа кандидат болу үшін, он екі шартын орындауға кірісуі тиіс еді.

Митингке жиналғандар бұл жолы үкімет басшысы қызметінен кетпейінше, наразылықты жалғастыра береміз деп отыр. Митинг бейбіт түрде өтіп жатыр.

17 маусымда Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула Фон Дер Лайен Украина мен Молдоваға ЕО-ға мүше болу алдындағы кандидат мәртебесін берген. Грузия да кандидат мәртебесін алу үшін еліне жүйелі түрде реформа жасауы қажет болған.

Премьер-министр Гарибашвили отставкаға кетуден бас тартты.

Оппозициялық партияның лидерлері, оның ішінде Михаил Саакашвили басқаратын Ұлттық біріңғай қозғалыс партиясы билікпен келіссөз жүргізудің мәні жоқ деп есептейді.

XS
SM
MD
LG