Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Ұлттық гвардия баспасөз қызметінің басшысы Даврон Жуманазаров тәртіпсіздік кезінде 516 адам ұсталғанын айтқан. Оларға қатысты қазір тергеу ісі жүріп жатыр деген.
"1-2 шілде күні әртүрлі жарақатпен 243 адам ауруханаға түскен. Олардың 149-ы алғашқы көмектен кейін үйіне қайтқан. Қазір ауруханада 94 емделуші емін жалғастырып жатыр. Олардың арасында құқық қорғау органдарының өкілдері де бар", - деді Жуманазаров.
Қазір Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілген.