Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жүзден астам қарақалпақ шекарадан өте алмай қалған.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өзбекстанның Қазақстанмен шектесетін "Дәуіт ата" — "Тажен" шекара өткізу бекетінде адамдарды, көліктерді және жүк көліктерін тоқтатқанын хабарлаған. Бұл мәлімдеме Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда аймақтарымен шектесетін Қарақалпақстанда жаппай тәртіпсіздік басталған күннің ертесінде жарияланған.
Өзбекстан билігі өткізу бекеттерінің ресми түрде жабылуын "ақпараттық жүйедегі ақауға" байланысты деп түсіндірді.
Қазақ билігі бұған қатысты пікір білдірмеді.