Ссылки доступа

"Орыс мыс компаниясы" Қазақстанның екі өңірінде жаңа кен игергісі келеді


Вид на медно-золотой рудник. Иллюстративное фото
Вид на медно-золотой рудник. Иллюстративное фото

Ресейде мыс өндірумен айналысатын "Орыс мыс компаниясы" Қазақстанның Абай және Жетісу облыстарында жаңадан ашылған екі кенді өндіруді көздеп отыр. Бұл туралы ҚазТАГ жергілікті үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Орыс мыс компаниясының" президенті Всеволод Левин Жетісу облысындағы "Көксай" кені мен Абай облысындағы "Айдарлы кенін" өндіру жоспарда барын айтты", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Всеволод Левин 4 шілдеді қазақ премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездескен.

Республика премьер-министрі "Көксай" мен "Айдарлы" кендері Қазақстан үшін маңызды екенін айтты, деп жазды агенттік.

"Көксай" - жылына 85 мың тоннаға жуық өнім беретін мыс кені.

Бұның алдында оны KAZ Minerals компаниясы өндірген. 2021 жылы аталған компанияны қазақстандық олигарх Владимир Ким сатып алды. Қазақстандық Forbes мәліметінше, Владимир Ким Қазақстандағы ауқатты адамдар тізімінде бірінші орында тұр. 2022 жылғы сәуірдегі мәлімет бойынша, ол капиталын бір жылда 400 миллион долларға арттырды. Владимир Ким "Қазақмыс" корпорациясы акцияларының 70 пайызына иелік етеді.

"Айдарлы" мыс кенін "Қазақмыс" өндіреді.

XS
SM
MD
LG