Ссылки доступа

Ондаған қазақстандық Қарақалпақстаннан шыға алмай жүр


Казахстанско-узбекистанская граница в Мангистауской области. Иллюстративное фото

Қазақстанның 80-ге жуық азаматы Өзбекстанның Қарақалпақстан жағындағы шекарадан үш күннен бері өте алмай жүр. Қазақстан сыртқы істер министрлігі "жағдайды бақылап отырғанын" мәлімдеді.

"Өзбекстандағы дипломаттарымыз осы жағдайды бақылап отыр. Өзбек жағымен келіссөз жүріп жатыр. Қиыншылықты шешу үшін бар күш жұмсалады. Азаматтарымыз үш мерзім тамақтанады, олармен байланыс орнатылған", - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, шекарада Қазақстанның 80-ге жуық азаматы қалған, бірақ олардың дені Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласына қайтты. Мұнда өткен аптаның аяғында жаппай наразылық болды.

Шекарадан өте алмай жүрген қазақстандықтардың айтуынша, шаршау мен қапырықтан балалардың ыстығы көтерілген.

Бұның алдында Қазақстандағы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Қарақалпақстанның жүзден аса азаматы шекарадан өте алмаған.

XS
SM
MD
LG