Ссылки доступа

Еуроодақ Қарақалпақстандағы оқиғаны ашық әрі тәуелсіз зерттеуге шақырды


Еуропалық одақ Өзбекстанды ел Конституциясына өзгерістер ұсынылғаннан кейін Қарақалпақстанда болған оқиғаны ашық әрі тәуелсіз зерттеуге шақырады. 

"Біз адам шығынының болғанына өкінеміз. Оқиғаны жіті қадағалап отырмыз. Президент Мирзияевтің Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты халық наразылығынан кейін қабылдаған шешімін құптаймыз. Біз барлық тараптарды зорлық-зомбылық болдырмас үшін сабырлық танытуға шақырамыз", – делінген мәлімдемеде.

ЕО Өзбекстанды халықаралық міндеттемелерін орындап, адам құқықтарын қорғауға шақырады.

"Еуропалық одақ Өзбекстанмен тығыз әріптестік байланыста. Өзбекстанда жүріп жатқан реформаларды қолдаймыз әрі халықаралық талаптарға сәйкес өзгерістерді жалғастыруды қалаймыз", - деп атап өткен ЕО.

4 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Еуропалық кеңес президенті Шарлем Мишелмен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметінше, шілде айының басында Нөкісте болған толқу кезінде 18 адам қаза тауып, 243-і жарақат алған.

XS
SM
MD
LG