Ссылки доступа

Бішкекте зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті 


5 шілдеде Бішкекте ішкі істер министрлігі ғимараты алдында қыз-келіншектерге зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап еткен акция өтті. 

Қырғызстанда бірнеше күннен бері 13 жастағы қыздың милиция қызметкерлері тарапынан зорланғаны жайлы оқиға қоғамды дүр сілкіндіріп жатыр.

2 шілдеде Азаттықтың қырғыз сайтында "Қызымды қолдан қолға өткерген" деген мақала жарияланды. Онда Бішкектің Свердлов аудандық сотында 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталып жатқан екі милиция қызметкерінің және бұрын сотталған бір адамның үстінен тергеу жүріп жатқаны айтылған.

Қыздың ата-анасы айыпталушылар жауапкершіліктен қашып кетпей ме деп қорқады.

Ресми мәліметі бойынша, былтыр Қырғызстанда 293 бала сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болған.

XS
SM
MD
LG