Ссылки доступа

Тәжікстанда судья Рустам Саидахмадзода екі айға қамауға алынды 


Соғды облысына қарасты Бобожон Гафуров атындағы аудандық сотының 43 жастағы судьясы Рустам Саидахмадзода екі айға қамауға алынды. Бұл жайында оның туыстары хабарлады. 

Ол 29 маусымда Душанбеде ұсталған.

Саидахмадзоданың туыстарының бірінің айтуынша, ол "қызмет бабын асыра пайдаланды" және қылмыстық іс жөнінде жалған мәлімет берді" деп айыпталып жатыр. Бірақ оның өзі кінәсін мойындамайды.

Тәжікстан билігі бұл іс бойынша пікір білдірмеді.

Рустам Саидахмадзоданы қызметінен алу жөнінде президент жарлығы әлі шықпады. Ол жайында жергілікті басылымдар шулы іске қатысты ақтау үкімін жариялаған соң жаза бастады. Тәжікстан сотының тарихында сот үкімін ақтау өте сирек кездеседі. Көбінде мемлекеттік айыптаушының сұрауын қанағаттандырады.

XS
SM
MD
LG