Ссылки доступа

Мирзияев Қарақалпақстандағы жағдайды Путинмен талқылаған 


5 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәліметке қарағанда, Ресей президенті өзбек үкіметінің Қарақалпақстанға қатысты шешімін қолдаған.

Мирзияев осыған дейін "жаппай тәртіпсіздіктің артында сыртқы күштер тұр" деп атаған. Өзбек үкіметі кейбір азаматтар Конституцияға ұсынылған өзгерістерді халыққа дұрыс жеткізбеді деп мәлімдеді.

2 шілдеде Мирзияев Қарақалпақстанға бір ай көлемінде төтенше жағдай енгізді.

4 шілдеде Өзбекстан билігі 18 адам қаза болғанын, 516 адамның ұсталғанын хабарлады. Қаза болғандардың 14-і – бейбіт тұрғын, төртеуі құқық қорғау орган өкілі. Сол күні Өзбекстан парламенті Конституция жобасында Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады.

4 шілдеде Еуроодақ Өзбекстанды "Қарақалпақстандағы күш көрсету оқиғаларын ашық әрі тәуелсіз зерттеуге" үндеді.

5 шілдеде халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы өзбек билігінен Нөкісте болған оқиғалардың жай-жапсарын жасырмай хабарлап, наразыларға күш қолдану фактілерін ашық, тәуелсіз, жан-жақты тергеуді, кінәлілерді әділ жазалауды талап еткен.

XS
SM
MD
LG