Ссылки доступа

Донецк облысының басшысы халықты тез арада үйін тастап кетуге шақырды 


Донецк облысы әскери әкімшілігінің басшысы Павел Кириленко орыс әскері ұрысты күшейтіп жатқан тұста, 350 мың халқы бар қала тұрғындарын үйлерін тастап кетуге шақырды. 

Бұл облыстың жартысы әлі Украинаның бақылауында.

Кириленконың сөзінше, бұл украин армиясына орыс әскеріне қарсы еркін шабуыл жасауға мүмкіндік береді.

"Ел тағдыры Донецк облысында шешіледі. Бейбіт тұрғындар азайған кезде, біз бар жігерімізді жауымызға қарсы жұмсап, басты мақсатымызға жетуге күш саламыз", - деді Донецк облысының басшысы.

БҰҰ мәліметінше, ақпан айынан бері Украинадан 7 млн халық елдің басқа қалаларына көшсе, 5 млн халық шетелге босып кеткен.

Қазір орыс армиясы Украинаның шығысын бомбалап жатыр. Өткен жексенбіде Луганск облысын түгелдей бақылауға алдық деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG