Ссылки доступа

Тәжікстанда қамауға алынған судьяның хатшысына да айып тағылды 


Барно Хайдарова (сол жақта) және оның қызы Азиза Хайдарова
Барно Хайдарова (сол жақта) және оның қызы Азиза Хайдарова

Тәжікстанда таяуда ғана қамауға алынған судья Рустам Сайдахмадзоданың хатшысы Азиза Хайдарова "алаяқтық ісі" бойынша ұсталған. 

Озоди радиосының хабарлауынша, Азиза Хайдарова 10 маусымда Худжанд қаласында ұсталған. Қазір ол Душанбедегі уақытша тергеу абақтысында отыр. Жақында сот оны екі айға қамау жөнінде шешім шығарған.

Азиза Хайдарованың анасы Барно қызына "пәтерді сатып алу кезінде алаяқтық жасады" деген айып тағылып отырғанын айтады.

"Пәтерді Азизаға мен өзім сатып алып бергем, Ресейде жұмыс істеген ақшама", - дейді анасы.

Тергеушілер анасына Азизаның басшысы болған Рустам Сайдахмадзодадан аяғы ауыр екенін жеткізген. Бірақ бұл сөздің жалған боп шыққанын айтады.

"Тергеу абақтысында қызыммен кездесіп шықтым. Қызым тергеушілер айтқан сөздің өтірік екенін, ешқандай аяғы ауыр емес екенін айтты. Тергеушілер Азизиға басшысына қарсы куәлік бер деп айтқан. Бірақ қызым көнбеген", - дейді Барно Хайдарова.

Енді Барно Хайдарова Тәжікстан президенті атына ашық хат жазып, істің ашық әрі таза тергелуін бақылауды сұрайды.

"Мен қызымды жалғыз тәрбиеледім. Ол оқу үшін Ресейге барып жұмыс істедім", - дейді Барно.

Соғды облысының судьясы Рустам Сайдахмадзода ұсталғаннан кейін бір аптадан соң қызметінен босатылды. Бұл жарлыққа тәжік президентінің өзі қол қойған. Онда "сот абройына нұқсан келетін әрекет жасады" делінген.

XS
SM
MD
LG