Ссылки доступа

Новак Джокович жетінші рет Уимблдон чемпионы атанды 


Сербиялық тенисші Новак Джокович Уимблдон чемпионатында жетінші рет жеңіске жетті. Ол финалда австралиялық Ник Кирьосты ұтты. 

Бұл серб спортшысының "Үлкен шлем" турниріндегі 21-жеңісі болып қалды.

Кирьос "Үлкен шлем " финалына алғашқы рет шықты. Осыған дейін ол Джоковичпен екі рет кездесіп, екеуінде де тең болған.

Джокович бұл жеңісімен Уимблдондағы титулдарының саны бойынша америкалық Пит Сампрасқа жетті. Оның алдында сегіз рет ұтқан швейцариялық Роджер Федерер ғана бар.

XS
SM
MD
LG