Ссылки доступа

Түркия түркімен газын импорттаудың үш жолын қарастырып жатыр


Түркия жиырма жылда алғаш рет түркімен газын Әзербайжан аумағы арқылы импорттау мүмкіндігін қарастыра бастады.

Батыс елдері Ресейге Украина аумағына басып кіруіне байланысты санкция салған соң, еуропалық елдер энергетика нарығындағы қиыншылықтарды шешу жолдарын қарастырып жатыр. Түркияның түркімен газын импорттау туралы мәлімдемесі Еуропаның ресейлік газдан бас тарту ниетімен тұспа-тұс келіп отыр.

Түркия вице-президенті Фуат Октай 1 шілдеде Ашғабатқа келіп, Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедовпен кездесті.

Жүздесуден соң лауазымы жоғары түрік шенеунігі түркімен газын Түркияға экспорттаудың үш түрлі жолын қарастыратынын мәлімдеді.

"Үш түрлі жол: Каспий арқылы TANAP желісін пайдалану, SWAP келісімі немесе теңіз жолы арқылы мұнай құбырына жеткізу. Дайындық кезеңін аяқтауға жақындап қалғанымызды қуана хабарлаймын", дейді түрік вице-президенті "Анадолу" түрік басылымына.

TANAP газ құбыры әзербайжан газын Грекияға жеткізеді. Сол жерде бұл желі TAP газ құбырына қосылып, әзербайжан газы Албания, Болгария, Италия және Еуропаның басқа да орталық нарықтарына жетеді. TANAP жылына 15 миллиард текше метр газ айдай алады, ал TAP 10 миллиард текше метр газ өткізеді.

XS
SM
MD
LG