Ссылки доступа

Қарақалпақстан абитуриенттері үшін жоғары оқу орнына тіркелу мерзімін созады


Интернет шектелген Қарақалпақстанда жоғары оқу орындарына онлайн-тіркелу мерзімін созады. Бұл туралы Өзбекстан жоғары және орта арнайы білім министрлігі хабарлады.

"Жағдайды үкімет толық бақылауда ұстап отыр. Қарақалпақстандық жастарға онлайн-тіркелу мерзімі созылатын болды", – делінген министрлік хабарламасында.

Құжаттарды тапсыру мерзімі туралы ақпарат Қарақалпақстан тұрғындарына SMS-пен, сонымен бірге жергілікті телеарна арқылы хабарланады.

Тіркеу Мемлекеттік қызметтер жөніндегі бірыңғай интерактив портал және Мемлекеттік сынақ орталығы сайтында жүріп жатыр.

Еске салайық, Конституцияға республика мәртебесіне қатысты өзгеріс енгізу жобасына наразы тұрғындар журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов ұсталған соң күшейіп, оның соңы Нөкіс қаласындағы ереуліге ұласты. Өзбекстан билігі оны күшпен басты. Бірнеше адам қаза болды.

2 шілдеде Нөкіске келген президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстанда бір ай төтенше жағдай енгізіп, Интернетті ажыратып тастады.

XS
SM
MD
LG