Ссылки доступа

Тәжік блогері Абдусаттор Пірмұхаммадзоданы тергеуге тағы шақырып, жібермей қойды


Абдусаттор Пирмухаммадзода
Абдусаттор Пирмухаммадзода

Тәжікстанда Бахдат қаласының құқық қорғау органдары 9 шілдеде блогер Абдусаттор Пірмұхаммадзоданы тағы тергеуге шақырып, "әлі босатпай отыр".

Құзырлы мекемелерден мәлімет алу мүмкін болмады. Журналистің туыстарының айтуынша, олар блогердің қайда екенін білмейді.

7 шілдеде Ішкі істер министрлігінің Вахдат қаласындағы қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері Пірмұхаммадзоданы бірнеше сағат тергеген, одан соң үйін тінтіп, ұялы телефонын алып қойған.

Блогердің айтуынша, 9 шілдеде таңертең оны тағы тергеуге шақырған, бірақ осы жолы оны босатпай қойды. "Олар оған телефоныңды алып кет деген. Ол барған, содан оралмады. Ешкім ештеңе айтпайды. Оны шақырғандар да кімдер екенін айтпаған", - дейді журналистің туыстарының бірі.

Бұл уақытта, 8 шілдеде кешке тағы бір блогер Завкибек Саидамини ұсталды. Құқық қорғау органдары оны не себепті ұстағанын әлі түсіндірмеді.

Абдусаттор Пірмұхаммадзоданың туыстарының айтуынша, үш апта бұрын ол журналистер Далери Имомали мен Абдулло Гурбатидің ұсталуы туралы видеоролик жариялаған, содан кейін оған да қысым күшейген. Екі журналист биыл 15 маусымда ұсталған.

Маусым-шілде айларында Тәжікстанда кем дегенде бес журналист пен блогер қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG