"Бұл елде билікті қолға алған "Талибан" қозғалысының делегациясы келеді деп күтіп отырмыз", — деді Норов Мәскеудегі дөңгелек үстел отырысында.
Тәліптердің конференцияға қатысуы "біз оларды мойындадық" дегенді білдірмейді, дейді шенеунік.
"Біз осы конференция арқылы бұл елдің қазіргі билігіне сөзімізді жеткізгіміз келеді. Біз олардың Ташкент кездесуі аясында қабылданған келісімдердегі халықаралық міндеттерін орындағанын қалаймыз", - деп мәлімдеді Норов.
Өзбекстан астанасында өтетін халықаралық конференцияға жиырмадан астам елдің делегациясы қатысады.