Ссылки доступа

Тәжікстанда "күчпен армияға алып кету" жайлы түсірілген видеоны таратушылар жазаға тартылмақ


Тәжікстанның қорғаныс министрлігі елдің армиясы туралы "жалған мәліметтер", оның ішінде "өспірімдерді әскерге күшпен алып кету жайлы түсірілген видеолорды" таратқандарға әкімшілік жаза енгізуді ұсынды.

Мекеме "Әкімшілік құқық бұзулар туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі" заң жобасын 12 шілдеде парламенттің төменгі палатасына алып шықты. Оған сәйкес, елдің армиясы туралы "жалған ақпарат" таратты деп танылғандарға айыппұл салынып немесе әкімшілік қамауға алынбақ.

Тәжік билігі "жалған ақпарат тарату – халықтың армияға деген сенімі мен қолдауын азайтып", "елдің беделіне және қауіпсіздігіне кері әскерін тигізетінін" айтады.

Тәжікстанда жыл сайын әскерге шақыру маусымы басталған кезде жастарды күшпен ұстап, мәжбүрлеп әскерге алып кетіп жатқан видеолар әлеуметтік желілерде кеңінен тарайды.

Әскерге шақыру маусымы жылына екі рет, көктемде және күзде жүреді. 18-27 жас аралығындағы жігіттер әскери қызметін өтеуге міндетті.

XS
SM
MD
LG