Ссылки доступа

Түркіменстан президенті Өзбекстанға барады 


14−15 шілдеде Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ресми сапармен Өзбекстанға барады. Ол өзбек президенті Шавкат Мирзияевпен кездесіп, Самарқандты аралайды. 

"Басты фокус екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға бағытталады. Атап айтқанда, өзара сауда айналымы, кооперациялық өндірісті қалпына келтіру, көлік-транзит потенциалын арттыру, су шаруашылығына байланысты маңызды жобаларды жүзеге асыру, мәдени-гуманитарлық жобаларды жандандыру секілді салаларға көңіл бөлінеді", - деп хабарлайды өзбек президентінің баспасөз қызметі.

1−2 шілдеде Дашогузда су мәселесіне қатысты үкіметаралық комиссияның отырысы өткен.

XS
SM
MD
LG