Ссылки доступа

Тәжік есеп палатасы Ұлттық банкте 1,2 млн сомонилік қаржы шығынын анықтады


Тәжікстан Есеп палатасының аудиторлары Ұлттық банктің қаржы қызметін тексеру кезінде 1,2 млн сомони (115 мың доллар) көлеміндегі қаржы шығынын тапты.

Есеп палатасы төрағасының орынбасары Файхали Ахмадзоданың 14 шілдедегі баспасөз конференциясында хабарлауынша, "ақша жұмсау, құрылыс-жөндеу жұмыстары ақысын көтермелеу, салық төлемеу және оны төмен көрсету секілді заңсыз әрекеттер негізінде осындай шығын пайда болған".

Ахмадзоданың мәлімдеуінше, тексеру енді ғана анықталғандықтан, әзірге Ұлттық банктегі қаржылай қателіктерге қатысты ешкім жауапқа алынбаған.

Есеп палатасының басшысы Карахон Чиллазода тексеру нәтижесі жақында үкіметке тапсырылатынын, кінәлілерді жазалау мәселесі сол кезде көтерілетінін мәлімдеді.

Есеп палатасы Ұлттық банктегі заңсыз әрекеттерді бұрын да әшкерелеген. 2015 жылы палата банктің бұрынғы алты қызметкеріне қатысты хаттама толтырған.

Тәжікстанда Есеп палатасы 2011 жылы құрылды. Ол мемлекет бюджетінің игерілуіне сырттай тәуелсіз аудит жүргізеді.

XS
SM
MD
LG