Ссылки доступа

Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы сауда айналымы артып, 40 млн долларға жеткен (видео)


Бадахшан, тәжік-ауған шекарасы маңы

Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы сауда айналымының көлемі "Талибан"қозғалысы билікке келгеннен кейін біршама көбейген.  

Тәжікстанның Кеден қызметінің мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың бірінші жартысында сыртқы сауда көлемі Ауғанстанға экспортталған тауарлардың есебінен 40 миллион долларға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6 миллион долларға көп.

Сарапшылар екі ел арасындағы сауданың артуына "Талибан" үкіметі себепші емес деп есептейді. Олардың пікірінше, ауған халқының сұранысы өсіп, ауған кәсіпкерлері көрші елдегі әріптестерімен сауда байланысын нығайтқан.

"Сауда көлемінің артқаны тәжік үкіметі мен "Талибан" сауда байланысын арттырды дегенді білдірмейді. Бұл жеке компанияларға қатысты болып жатыр. Ауғанстанда билікте кім тұрғанына қарамастан, жеке кәсіпкерлер жұмысын жалғастыра береді. Ал тауарларды ауған халқы қолданады", - деді Ауғанстан мәселесі бойынша сарапшы Ильхом Назриев.

Тәліптер Ауғанстан билігіне келгеніне бір жыл болса да, әлемнің бірде бірі елі олардың үкіметін мойындаған емес. Тәжікстан Ауғанстанда этникалық топтардың қатысуымен инклюзивті үкімет құрылуы керек екенін айтып келеді.

Торговый оборот между Таджикистаном и Афганистаном увеличился
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

XS
SM
MD
LG