Ссылки доступа

Өзбекстанда 1000 сумдық монеталар айналымға шығады


Өзбекстан сенаты 1000 сумдық жаңа монета пішіні мен кескінін бекітті. Ұлттық банк оны жыл аяғына дейін айналымға шығаруды көздеп отыр.

Парламенттің жоғары палатасының осыған қатысты қарары 5 шілдеде қабылданып, 14 шілдеде жарияланды.

Монета кескіні әзірге көпшілікке көрсетілген жоқ. Жыл басында ҰБ төрағасы Мамаризо Нұрмұратов 1000 сумдық жаңа банкноттар енді шықпайтынын, оны монета алмастыратынын хабарлаған.

1000 сумдық банкноталар айналымнан шығып қалды десе болады - 2021 жылы мұндай ақша үлесі 1,4 пайызға дейін төмендеген. Өйткені тұтынушылардың дені ірі ақшаны пайдаланғанды жөн көреді.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық банк 15 шілдеден бастап 200 мың сумдық жаңа банкнотаны айналымға шығарды.

XS
SM
MD
LG