Ссылки доступа

Қырғызстанда қылмыс әлемінің дөкейі Доо Шыңғыс ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Бішкекте ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Шыңғыс Жұмағұлов ұсталғанын 15 шілдеде хабарлады.

Доо Шыңғыс лақап атымен анымал күдікті "қылмыстық топ ұйымдастырды, сонымен бірге кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалады" деген айыптармен қамауға алынды.

Жұмғұлов ҰҚМК-нің тергеу изоляторында отыр. Арнайы қызмет қылмыс әлемінің дөкейінен зардап шеккен азаматтардан ҰҚМК органдарына шағымдануын сұрады.

8 шілдеде кешке Бішкек қаласының шетінде атыс болды. Оған Доо Шыңғыс та қатысқаны мәлім болды. Жергілікті басылымдар Жұмағұлов қашып кетті деп хабарлады. Мәліметтерге қарағанда, "Альфа" арнайы жасағы оны Шу облысындағы туған ауылы Ичке-Сууда ұстауға талпынған.

Алайда ертесіне ҰҚМК Жұмағұлов пен оның ұйымдасқан тобымен атыс болған, дөкей ұсталған деген ақпаратты жоққа шығарды.

2016 жылы Шыңғыс Жұмағұлов кісі өлтіруге қатысты, билік өкіліне күш көрсетті, қылмыстық ұйым құрды деген күдікпен ұсталған. 2018 жылдың басында ол сот шешімімен мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

2019 жылғы сәуірде Шыңғыс Жұмағұлов пен оның екі сыбайласы екі жігітті аясуыз соққыға жықты деген айыппен ұсталды. Екі жәбірленуші де кейін соққы салдарынан көз жұмды. Сол кезде ұсталғандар да, жәбірленушілер де ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері екені хабарланды.

2020 жылғы маусымда Бішкек қаласының 1-май аудандық соты осы іске қатысты үкім шығарды. Сот Шыңғыс Жұмағұловты "бұзақылық" бабы негізінде айыпты деп танып, оны бес жылға соттады. 2021 жылғы 12 шілдеде ол жаза мерзімінің аяқталуына байланысты колониядан босап шықты.

XS
SM
MD
LG