Ссылки доступа

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы ЕАЭО-ның маңызды жобалары тізіміне енді


Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы құрылысының жобасы Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің маңызды интеграциялық инфрақұрылым жобалары тізіміне енді.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің Витебск (Беларусь) қаласында өткен жиналысында осындай шешім қабылданды. Кеңес отырысына Қырғызстан вице-премьері, ЕЭК кеңесінің төрағасы Адылбек Қасымәлиев төрағалық етті.

Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, маңызды жобалар тізіміне "Луговой - Балыкчы" темір жолын электр желісіне қосу жобасы да енген. Бұған қоса, жиналыста ЕАЭО ортақ газ нарығын құру жөнінде халықаралық келісім дайындау туралы баяндама оқылған.

Еске салайық, бұның алдында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы алдағы жылы басталып, үш-төрт жылда аяқталады деп хабарлаған.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев темір жол құрылысы жақында басталатынын растаған.

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолын салу туралы бастама 2000-жылдардың басында көтерілген, бірақ осы уақытқа дейін бұл жоба жүзеге аспай келді.

XS
SM
MD
LG