Ссылки доступа

Орталық Азия президенттері Шолпан атада кездеседі 


20-21 шілдеде Ыстықкөл облысындағы Шолпан ата қаласында Орталық Азия елдерінің басшылары кездеседі. 

Бұл жөнінде қырғыз президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Муратбек Азымбакиев хабарлады.

Оның айтуынша, кездесуге Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қатысады.

Орталық Азия лидерлері аймақтағы қауіпсіздік мәселесін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын қарастырады.

Азымбакиевтің сөзінше, қырғыз президенті бірқатар елдің басшыларымен екіжақты кездесу өткізеді.

Орталық Азия елдері президенттерінің бірінші кеңесі 2018 жылы өткен. Бұл шараның бастамашысы өзбек президенті Шавкат Мирзияев болған.

XS
SM
MD
LG