Ссылки доступа

Тәжік Бас прокуратурасы Рушандағы арнайы операциядан кейін түсірілген видеоны тексереді


Пятеро убитых жителей села Дерзуд Рушанского района

Тәжікстан Бас прокуратурасы арнайы жасақтың Таулы Бадахшан автономиялы облысы Рушан ауданындағы арнайы операция барысын түсірген видеосын тексереді.

Видеодан жергілікті тұрғындардың қандай жағдайда және қалай өлгенін көруге болады. Видео авторларының мәлімдеуінше, Тәжікстан ІІМ-нің Рушанда өлген адамдар бейнеленген суреттерді "қолдан ұйымдастырылған" деп атады.

15 шілдеде Озоди радиосының Интернетте жарияланған видеоға қатысты сауалына жауап берген Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон тексеру жүріп жатқанын, оның нәтижесі ақпарат құралдарына хабарланатынын айтты.

1,5 минуттың видеоны журналист Рустами Джони фейсбуктегі парағына жариялады. Видеоны қарап отырып мүрделерді жинап жүрген арнайы жасақ өкілдеріне өлген адамдардың қолына қару ұстату туралы бұрық берілгенін естуге болады.

Бұл видео қашан, қайда түсірілгенін билік айтпай отыр. Рустами Джонидің айтуынша, видео арнайы операциядан кейін түсірілген, сол кезде Рушан ауданының бес тұрғыны - Ёдгор Гуломхайдаров, Әлішер Почоев, Хабиб Мавлододов, Жангибек Шехбуров және Дохунда Паллаев қаза болған.

31 мамырда Тәжікстан ішкі істер министрлігі Таулы Бадахшанда "терроризммен күрес операциясы" аяқталғанын хабарлады. Министрлік таратқан ресми мәліметке операция кезінде өлтірілгендердің суреті қосы берілді.

"Бұл суреттерді мемлекеттік телеарналар қайта-қайта көрсетіп, қаза болғандарды билікке қарулы қарсылық көрсетті деп айыптады. Видео суреттегі Гуломхайдаров Ёдгор, Почоев Әлішер, Мавлододов Хабиб, Шехбуров Жангибек және Паллаев Дохундтың суреті қолдан ұйымдастырылғанын дәлелдейді", дейді Рустами Джони.

Әлеуметтік желідегі қолданушылар ІІМ-нің "фейк" суреттеріндегі автоматтар жап-жаңа екеніне назар аударған.

Биыл 16 мамырда Таулы Бадахшандағы Хорог қаласы мен Рушан ауданындағы ахуал қиындады. 17 мамырда Рушанның бір тұрғыны Душанбе-Хорог жолын жауып, әскери техниканың автономиялы облысы орталығына қарай өтуіне бөгет жасауға тырысты. Ертесіне билік "терроризммен күрес операциясы" өткенін хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, Рушан ауданында 16 адам қаза болды. Жергілікті тұрғындар қырық шақты адам қаза тапқанын айтып отыр.

XS
SM
MD
LG