Ссылки доступа

Гонконг соты "Русгидроның" Қырғызстанға қарсы арызын қанағаттандырды


Гонконгтағы (ҚХР) сот "РусГидроның" Қырғызстанға қарсы арызына қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Қырғызстан әділет министрлігі хабарлады.

"РусГидро" қырғыз үкіметінің Жоғары Нарын ГЭС-нің каскады құрылысының жобасын қайтарып алғанына арызданған.

Министрлік мәліметінше, сот "шағымды жартылай қанағаттандырған". Шешімге сәйкес, Қырғызстан "РусГидроның" құрылыс жобасына құйған қаражатын қайтаруы тиіс. Министрлік қырғыз жағы нақты қанша қаражат төлеуі тиіс екенін хабарламады.

Сот шешіміне 2022 жылдың қазан айына дейін шағымдануға болады.

2012 жылы Қырғызстан мен Ресей үкіметтері Жоғарғы Нарын су электр станциясы каскадының құрылысы туралы келісімге отырған. Алайда 2016 жылғы тамызда Қырғызстан бұл келісімді бұзды. Бішкек экономикалық қиыншылыққа тап болған Ресей бұл нысандарды жақында салып бітіре алмайды деп шешкен. Сол кезде "РусГидро" құрылыс жобасына құйған 37 млн долларды қайтаруды талап еткен.

XS
SM
MD
LG