Қазір Өзбекстан жылына 3,5 мың тонна уран өндіреді.
2022-2030 жылдарға қарай 4700 тоннадан 10500 тоннаға дейін уран өндіруді көздеп отыр.
Уран өндіруге байланысты 460 млн долларға 20 инвестициялық жоба қарастырылған.
Өзбекстан қазір әлемде уран өндіру жағынан бесінші орында. Уран қоры жағынан әлемде 11-орында тұр.
2021 жылы уран өндіру жағынан Қазақстан бірінші орында болса (21 мың 819 тонна ), екінші орында Австралия (6 мың 203 тонна), үшінші орында Намибия (5 мың 413 тонна) тұр.