Тәжікстан ІІМ жанындағы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззода 19 шілдеде Пирмухаммадзодаға қатысты "Экстремистік іс-қимылды жүзеге асыруға жария түрде шақырды" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл айып бойынша күдікті 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Абдусаттор Пирмухаммадзоданың туыстары 9 шілдеде оны ұстап әкеткеннен бері еш хабар алмай отырғанын айтады.
"Қазір ол қайда отыр, жағдайы қалай, білмейміз. Құрбан айт мерекесінде біз оған тамақ алып бардық. Бірақ қабылдамады. Ол адвокатпен қамтамасыз етілді ме, жоқ па, оны да білмейміз", - дейді блогердің жақын туысы.
Пирмухамадзода мемлекеттік радиодан кеткеннен кейін, блогер болып, әлеуметтік мәселелерді жаза бастады.
Соңғы екі айда Тәжікстанда 7 журналист ұсталды.