Ссылки доступа

Түркіменстанда ыстықтан мал өліп жатыр 


Ёлотен. (көрнекі сурет)   
Ёлотен. (көрнекі сурет)   

Түркіменстанның оңтүстік-батысы биыл аптап ыстық болып тұр. Ыстықтан мал өліп жатыр деп хабарлайды Балкан уәлаятындағы Азатлык тілшісі. 

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Сердар атырабында ауа температурасы 44 градусқа дейін барған.

"Ыстықтан өлген малды базарларда арзан бағаға сатып жатыр. Мұндай етті келісін 25-30 манаттан сатып жатыр. Егер күн ұрған ірі қара малды өлмей тұрып сойса, келісі 50 манат болады", - дейді тілші.

Осының алдында маусым айының соңында Мары өңірінде ауа райы 50 градус ыстық болғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG