Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, 5 жоғары оқу орны – Қырғыз ұлттық университеті, Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Қырғыз аграрлық академиясы, Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы және Ош мемлекеттік университетіне ерекше мәртебе берілді.
Онда аталған оқу орындарына коммерциялық банктерден есеп-шот ашып, бюджет ақшасын өздігінше жұмсауға мүмкіндік беріледі. Университеттер түсірген табысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына, білім гранттарына, кеңес алу шараларына жұмсай алады.
Жарлыққа сәйкес, аталған жоғары оқу орындары үш жыл көлемде ішкі және сыртқы аудиттен басқа тексерулерден босатылады.
Бұдан бөлек Қырғызстанда бірнеше оқу орындары бір-біріне қосылады.
Қазір Қырғызстанда 76 жоғары оқу орны бар. Онда 230 мың студент білім алады. Оның ішінде 70 мың шетелдік студент бар.