Ссылки доступа

Тәжік ІІМ журналист Абдулло Гурбатиді оппозициялық партиямен байланыс орнатты деп айыптады


Абдулло Гурбати
Абдулло Гурбати

Тәжікстан ішкі істер министрлігі қамаудағы журналист Абдулло Гурбатиді елде тыйым салынған Тәжікстан Ислам Өркендеу партиясымен байланыс орнатты деп айыптады. Оппозициялық партия Гурбати ешқашан бұл ұйымға болған емес деп мәлімдеді.

Абдулло Гурбати мен блогер Далер Имомали соттың 15 маусымдағы шешімімен екі айға қамауға алынды. Душанбе қаласы Шохмансұр ауданының прокуратурасы Абдулло Гурбатидің үстінен "билік өкіліне күш көрсетті" деген айыппен қылмыстық іс қозғады.

19 шілдеде Душанбедегі баспасөз конференциясында Тәжікстан ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының басшысы Шоди Хафиззода журналист Абдулло Гурбати тыйым салынған ТИӨП-пен байланысы бар деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Абдулло Гурбатидің қамауда отырғанына бір айдан уақыт асты, ал Шохмансұр ауданының прокуратурасы журналистің ұсталғаны туралы мәлімет бермей отыр. Журналистер Гурбати авдокатымен де сөйлесе алмай жүр.

Бұл уақытта, Тәжікстанда тыйым салынған Ислам Өркендеу партиясы Гурбати саяси ұйымға мүше болмағанын, онымен байланыспағанын мәлімдеді. ТИӨП-тің ресми өкілі Махмұджон Файзрахманов журналисге тағылған айыптарды "дәлелсіз жала" деп сипаттады.

Кейінгі үш айда Тәжікстанда жеті журналист пен блогер ұсталды – Далери Имомали, Абдулло Гурбати, Хушруз Жұмаев (Хушом Гулом), Ульфатхоним Мамадшоева, Мұхаммадсұлтон Мавлоназаров (Мұхаммади Сұлтон), Завкибек Саидамини және Абдусаттор Пирмұхаммадзода. Республикадағы журналистер билік елде еркін ойлы белсенділерді қудалау науқаны жүріп жатыр деп есептейді. Халықаралық ұйымдар журналистер мен блогерлерді босатуға үндеді. Тәжікстан билігі олардың үндеулері мен талаптарына құлақ аспай отыр.

XS
SM
MD
LG