Ссылки доступа

Қарақалпақстанда интернет қайта өшірілді 


Қарақалпақстанда 19 шілдеде екі сағат бұрын ғана берілген интернет қайта өшірілді.  

Нөкіс тұрғындары күндіз интернеттің қайта өшірілгенін айтады.

Осының алдында ғана Қарақалпақстан аумағында интернет қосылды, жаңалықтар сайттары жаңартылып жатыр деп хабарланған.

Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанның автоном республика мәртебесін алып тастау жөніндегі ұсыныс енгізілгеннен кейін, 1-2 шілдеде халық көтерілген еді. 3 шілдеде аймаққа төтенше жағдай енгізіліп, интернет сөнген.

БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет және бірқатар халықаралық ұйымдар Өзбекстан үкіметінің бұл әрекетін сынға алған.

XS
SM
MD
LG