Ссылки доступа

Өзбекстанның Қытайға газ экспорттаудан тапқан табысы екі есе артты


Қытай қаңтар-маусым айларында Өзбекстаннан 404 млн долларға табиғи газ сатып алды, деп хабарлады ТАСС агенттігі ҚХР кеден қызметіне сілтеме жасай отырып.

2022 жылдың алғашқы жартысында Өзбекстанның Қытайға газ экспорттаудан тапқан табысы 2,2 есе артқан, бірақ нақты қанша газ экспортталғаны айтылмады.

Өзбекстан Қытайға газ сататын елдердің алғашқы бестігіне енді. Бұл топты Түркіменстан бастап тұр. Орталық Азиядағы бұл ел алты айда Қытайға 4,51 миллиард долларға газ экспорттаған.

Екінші орынға Ресей орналасты. Федерация Қытайға 1,65 миллиард долларға газ сатқан. Қазақстан төртінші орында - 531 миллион доллар.

XS
SM
MD
LG