Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қырғызстан бір жылда шекараның тағы 80 шақырымын бекітті


Эмомали Рахмон и Садыр Жапаров, Чолпон-Ата, 21 июля 2022 года
Эмомали Рахмон и Садыр Жапаров, Чолпон-Ата, 21 июля 2022 года

Тәжікстан мен Қырғызстан президенттерінің 21 шілдеде мәлімдеуінше, екі ел арасындағы шекараны белгілеумен айналысатын арнайы комиссиялар жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара 987 шақырымға созылып жатыр, соның 664 шақырымының ғана ресми мәртебесі анықталған. Даулы жерлерде қақтыстар мен жанжалдар үнемі болып тұрады.

Тәжікстан билігінің мәлімдеуінше, кейінгі бір жылда Қырғызстанмен арадағы шекараның тағы 80 шақырымнан астамы бекітілді. Мемлекеттік шекараның нақты қай бөлігі екені айтылмады.

21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдері басшыларының кеңес алмасу жиынында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстан және Тәжікстанмен арадағы шекараларды делимитациялау жұмысы жүріп жатқанын айтып өтті. "Саяси жігерлік танытқан біз бұл шекараларды бейбітшілік пен тұрақтылық аймағына айналдыруға күш саламыз, ал Ферғана алқабын нағыз оазиске айналдырамыз", - деді Жапаров.

Душанбе мен Бішкек шекарада жанжал болған уақытта әдетте бір-бірін айыптайды. Көрші екі ел арасындағы шекарада ең ірі қарулы жанжал 2021 жылғы сәуірде болды. Сол кезде 55 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланды, ондаған үй өртеніп кетті. Жанжалдан кейін Қырғызстан Тәжікстанмен арадағы шекарасын толық жауып тастады.

XS
SM
MD
LG