Жыл басында бұл кітаптарды Ауғанстандағы бір кәсіпкер Төменгі Пянджтағы бақылау-өткізу бекеті арқылы Тәжікстанға өткізбек болған. Алайда кеденшілер оларды "қауіпсіздік мақсатында" тәркілеген.
Кеден қызметі Хатлон облысы басқармасының жауапты қызметкері Сухроб Зокировтің айтуынша, бұл кітаптарды елге әкелуге Дін істері жөніндегі комитет рұқсат бермеген, сол себепті оларды Ауғанстанға кері қайтару жөнінде шешім қабылданды.
Бірнеше жыл бұрын тәжік билігі тыйым салынған әдебиетті елге өткізбеу мақсатында нақты шаралар қабылдады. 2017 жылы Тәжікстан мәдениет министрлігі арнайы рұқсаты жоқ кітапты елге кіргізуге тыйым салды. Ішкі істер министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті елге әкелуге тыйым салынған кітаптар тізімін дайындады. Тәжік билігінің бұл шешімін жергілікті тұрғындар мен адам құқықтарын қорғаушылар әлеуметтік желілерде өткір сынады.