Ссылки доступа

Ауғанстан тақырыбында Ташкентте өтетін конференцияға тәліптер қатысады


Представители движения "Талибан". Архивное фото

25-26 шілдеде Ташкентте Ауғанстан мәселесіне арналған халықаралық конференция өтеді. Форумға 20-дан астам елдің делегациясы қатысады. Халықаралық адам құқықтарын қорғаушылар жиынға "Талибан" радикал қозғалысының өкілдері шақырылғанын сынады.

"Талибан" үкіметі Сыртқы істер министрлігі арнайы өкілінің орынбасары Хафиз Зия Ахмад жексенбі күні Twitter'де Ауғанстан Ислам әмірлігінің сыртқы істер министрі Мавлави Әмір Хан бастаған үкімет делегациясы халықаралық конференцияға қатысу үшін Ташкентке жолға шыққанын жазды. Оның айтуынша, Ауғанстан мәселелері талқыланатын форумға ондаған елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Ташкентке нақты қай елдер мен ұйымдардың делегациялары келетіні әзірге хабарланбады.

Бұның алдында Өзбекстан сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Владимир Норов Ташкентте Ауғанстан жөнінде конференция өтетінін растап, оның мақсаты - "жаңа ауған билігіне мойнына алған міндеттерін орындату" екенін айтқан.

Ауған азаматтық қоғамының белсенділері мен бірқатар халықаралық адам құқықтарын қорғаушылар Ташкентті осындай бастама көтергені үшін сынады.

Amnesty International өкілі Самира Хамиди тәліптер қатысуымен өтетен конференцияны "ұят бастама" деп сипаттады.

Тәліптер Ауғанстанда билікті басып алғанына бір жылға жуықтады. Әзірге әлем елдері "Талибан" радикал ұйымы құрған "Ауғанстан Ислам Әмірлігін" мойындаған жоқ.

XS
SM
MD
LG