Ссылки доступа

Қоқан қаласында екі блогер 15 тәулікке қамалды


22 шілде Қоқан сотының шешімімен блогерлер Олимжон Хайдаров пен Комил Ахмедов 15 тәулікке қамалды. Оларға араздық туғызатын материал таратты деген айып тағылған.

Ресми ақпаратты Ферғана облысының милициясы таратты.

Милиция мәліметінше, 28 маусымда "Олимжон Хайдаров" телеграм-арнасында "Қоқанда заңсыз шіркеу жұмыс істейді" деп аталатын материал жарияланған. Тексеру кезінде "Возрождение" христиан шіркеуі 2019 жылдан бері ресми рұқсатпен жұмыс істеп келетіні анықталған.

Бұның алдында Олиджон Хайдаров Facebook'тегі парағында өзін және оның әріптесі Комил Ахмедовты ешқандай ескертусіз сотқа шақырғанын жазған.

"Алдын біз шіркеу меселесі туралы жазғанбыз. Бүгін бізге хабарласты, мұнда үш сағаттай болдық. Бізге әкімшілік айып тағылды. Сотты күтіп отырмыз", - деп жазды блогер.

XS
SM
MD
LG