Ссылки доступа

Душанбе орталық мешіті жөнделеді


Тәжікстан астанасындағы Қожа Якуб атындағы орталық мешіт жөнделеді.

Екі жыл бұрын мешітті бұзып, оның орнына жаңасын салады деген әңгіме тараған.

"Сабо" компаниясының директоры Жамшед Сафар "тарихи, туристік және діни нысанды жөндейтінін" хабарлады. Ол фейсбуктегі парағына жаңарған мешіт жобасының сызбасын жариялады.

Қожа Якуб мешіті – Душанбеде жүздеген діндар жұма намазына жиналатын ең танымал мешіттердің бірі. Мешіт аймағында медресе және Үлемдер кеңесі жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG