The New York Times мәліметінше, атыста жараланған екі адам көз жұмған.
Жедел жәрдем дәрігерлері төрт ер азамат пен үш әйелді жергілікті ауруханаларға жеткізді. Кем дегенде үш науқасқа оқ тигені мәлім болды.
Не себепті атыс болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты әзірге ешкім ұсталған жоқ.
Құрама Штаттарда адам көп жиналған орындарда атыс жиілегеніне алаңдаған президент Джо Байден Конгрессті елде қару-жарақ сатуға тыйым салуды ұсынған.
Еске салайық, жақында Индиана және Техас штаттарында атыс болып, бірнеше адам оққа ұшқан.