Ссылки доступа

Қырғызстан мен Өзбекстан жаңа авто және әуе жолдарын ашуды қолға алды


Қырғызстанның Өзбекстандағы елшісі Мұса Жаманбаев Өзбекстан көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті.

Қырғызстан СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар екі елдің көлік және логистика салаларындағы әріптестік мәселелерін, атап айтқанда, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы құрылысының жобасын талқылап, "осы саладағы жұмыстарды одан әрі дамытуға күш салу қажеттігін" айтқан.

Бұған қоса, шенеуніктер Уч-Коргон—Дароот-Коргон автожолы құрылысының жобасын қарап, "Қаракөл –Ташкент –Қаракөл" халықаралық автокөлік бағытын ашу мәселесін талқылаған. Сонымен бірге, "Ташкент – Балықшы" жолаушы пойызы мен "Ош – Әндіжан", "Қызыл-Қия – Ферғана" автожолдарын қайтадан іске қосу керектігі сөз болған.

Қырғыз елшісі мен өзбек министрі туризм маусымында "Ташкент - Тамчи" чартерлік әуе рейстерін ашу мәселесін де талқылаған. Бұған қоса, Мұса Жаманбаев "Ош-Ташкент-Ош" бағытында жаңа әуе қатынасын іске қосу жағын қарастыруды, "Самарқанд – Тамчи – Самарқанд" автокөлік бағытын ұйымдастыруды ұсынған.

XS
SM
MD
LG