Бұның алдында тәжік билігінің ел азаматтарын Англияға жұмысқа орналастыруға көмектескені туралы ресми ақпаратқа көпшіліктің назары ауған, бірақ шетелге жұмысқа жіберілгендер аса көп болмай шықты.
26 шілдедегі баспасөз конференциясында еңбек министрі Шырын Амонзода тағы 200 адам британ визасын күтіп жүргенін айтты. Министрдің мәліметінше, тәжік азаматтары Ұлыбританияда негізінен ауыл шаруашылығындағы маусымдық жұмыстарға орналасқан.
Министрлік тәжік мигранттарын қабылдайтын елдер санын көбейтуге тырысып жатқанын мәлімдеді. Қазір тәжік мигранттары негізінен Ресей мен Қазақстанға жұмысқа барып жүр.
Аманзоданың хабарлауынша, биыл тәжік делегациясы Оңтүстік Кореяда болып, еңбек мигранттарының осы елде жұмыс істеуі мәселесін талқылады.
Ресми статистика бойынша, Тәжікстанда 60 мыңға жуық адам жұмыссыздар санатына жатады. Алайда ресми емес мәліметте елде жұмыссыздар әлдеқайда көп.